ASTEL компаниясы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында телекоммуникациялық қызметтерді ұсынады және еліміздің барлық облыс орталықтарында аймақтық департаменттері бар. Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
ASTEL Республикамыздың аумағында жерсеріктік байланыстың орнатылған және пайдаланылатын жерісті станцияларының саны бойынша бірінші орынды иемденеді – 5 000-нан астам жерсеріктік станция.
Біз отандық және халықаралық ұйымдардың сертификаттарымен және лицензияларымен расталған ASTEL қызметтері сапасының жоғары стандарттарын мақтан тұтамыз. Жыл сайын компания бірнеше аудиттен ойдағыдай өтіп, менеджмент пен кәсіби стандарттар саласындағы өзінің біліктілігін растап отырады:
- ISO 9001:2015 (сапа менеджменті жүйесі)
- ISO 14001:2015 (экологиялық менеджмент жүйесі)
- ISO 45001:2018 (кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесі)
- ISO/IEC 27001:2013 (ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі)
- ISO/IEC 20000-1:2018 (IT-сервистер менеджменті жүйесі)
2006 жылдан бастап ASTEL компаниясы Қазақстан қор биржасындағы «В» листингінде орналасқан.
Толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы көруге болады: https://kase.kz/ru/issuers/ASTL