ASTEL компаниясы Қазақстан Республикасындағы телекоммуникцация саласының ең бастауында тұрғанын мақтан етеміз. 1993 жылдан бастап компания ең жаңа технологиялар мен заманауи жабдықтар базасында дәстүрлі байланыс қызметтерін ұсына отырып, Қазақстанның телекоммуникациялар нарығында көшбасшы позицияларды иемденеді.
Компания негізгі ресурстарын инновациялық цифрлық шешімдерді дамытуға және клиенттерге IT-интеграция саласындағы жоғары сапалы қызметтерді ұсынуға бағыттай отырып, жаңа даму бағытын қабылдады
Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы (SOC-ASTEL) құрылды, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі қызметтер кешені әзірленіп, пайдалануға берілді. Нұр-Сұлтан қаласында ДӨО (деректерді өңдеу орталығы) пайдалануға берілді, оның базасында бұлтты шешімдер – «Виртуальдық дата орталығы (vDC)» қызметі іске қосылды
LoRaWAN технологиясы негізінде Заттар интернеті қызметін ұсыну үшін бес жүзден астам базалық станциядан тұратын өзінің сымсыз желісі іске қосылды. Аграрлық сеқторда пилоттын жоба іске асырылды, малдың орналасқан жері мен қозғалысын қашықтан бақылау жөніндегі жоба жүзеге асырылды. Нұр-Сұлтан қаласында техникалық шешім әзірленіп, ДӨО салынды. Жаңа өнім – «Тасымалды жерсеріктік кешен-400» (ПСК-400) әзірленді
Жаңа өнім – «Шағын Жерсеріктік Кешен» (МСК) әзірленді. Жаңа бөлімше – Түркістан қ. аймақтық департаментінің ашылуы. Нұр-Сұлтан қаласында өзінің «Байқоңыр» жерсеріктік байланыс орталығы салынып, пайдалануға берілді. LoRaWAN базалық станциялар желісінің құрылысы басталды.
Жаңа өнім – «Автомобильді байланыс жиынтығы» (АБЖ) әзірленді. МО БКО арқылы мемлекеттік органдарға (ҚР ҚМ, ҚР ІІМ және т.б.) байланыс қызметтерін ұсыну бойынша «ҰАТ» АҚ-мен ынтымақтастық басталды.
Жерсеріктік байланыс қызметтерін және сервис-интеграцияны белсенді түрде ілгері жылжыту. Жұмыс істейтін жерсеріктік станциялардың саны 3 500 данаға жетті. Күш құрылымдарына «Тасымалды жерсеріктік кешендерді» жеткізу, Мемлекеттік техникалық қызмет үшін «Электрмагниттік жағдайды талдаудың мобильді кешендерін» жеткізу жүзеге асырылды.
Daraline жерсеріктік интернет қызметі іске қосылды. Алматы қаласындағы Орталық басқару станциясынан (HUB) SkyEdge II-C жерсеріктік байланыс желісін коммерциялық пайдалану іске қосылды.
Жылдам қолданылатын тасымалды жерсеріктік байланыс кешенін (ПСК) әзірлеу және оны күш құрылымдарына жеткізу.
Компания даму стратегиясын өзгертті. Жерсеріктік байланыс саласында маманданудан компания әмбебаптыққа бағыт ала отырып, нарыққа сервис-интегратор қызметін ұсына бастады. Дамыған ОТБЖ желілері бар операторлармен серіктестік туралы келісімдер жасалды. 2011 жылғы 29 шілдеде «Қазақтелеком» АҚ-мен жасалған серіктестік туралы келісім негізгі болды.
СМЖ сәйкестік сертификаттары алынды: ИСО 14001:2004 OHSAS 18001:2007 ҚР СТ ИСО 9001:2009.
ИСО 9001:2008 СМЖ сәйкестік сертификаты алынды. «ASTEL» компаниясы «GILAT» және «ТРАНСТЕЛЕКОМ» компанияларымен бірлесе отырып темір жол жолаушылары үшін телефония және интернет желісіне кең жолақты қол жеткізу қызметтерін ұсыну жөніндегі жобаны іске қосты. Жаңа қызметтерді әзірлеу және енгізу: сағаттық бейнеконференцбайланыс қызметтері, MPLS технологиясы базасында жоғары жылдамдықта деректер беру қызметтері, Жаңа Буын (NGN - Next Generation Network) желісі базасындағы қызметтер.
Қазақстан қор биржасының "В" листингіне шығу. Сапа менеджменті жүйесінің сертификатын алу (ISO9001:2000).
VSAT жүйесін басқару орталығы – SkyEdge іске қосу. Қала-аралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін ұсынуға арналған лицензияны алу.
Талдықорған қаласында телехабар тарататын бірінші жерсеріктік станцияны іске қосу. Желінің бір бөлігін NSS-6 жерсеріктік байланыс ресурстарын пайдалануға көшіру.
Жаңа Астана-Мәскеу магистралды арнасын пайдалануға беру.
Алматы қаласындағы Орталық басқару станциясынан (HUB) өзінің FaraWay VSAT және DialAway IP жерсеріктік байланыс желілерін коммерциялық пайдалануға беру.
М-IX мәскеулік трафик алмасу торабына қосылу
Халықаралық телефон байланысы қызметтерін ұсынудың басталуы. "Frontier Global Center” (АҚШ) трафик алмасу торабы арқылы Интернет желісінде жерсеріктік арнаның ашылуы. Қазақстанның аса ірі 14 қаласының қамтылуымен, KazNet® мультисервистік жоғары жылдамдықты желісін құру аяқталды.
ASTEL® сауда маркасының тіркелуі. KazNet® VSAT жерсеріктік желісін коммерциялық пайдалану басталды. Frame Relay, TCP/IP хаттамаларының пайдаланылуымен деректер беру қызметтерін ұсыну басталды.
Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін ұсыну басталды. KazNet® және KazMail® тауар белгілерін тіркеу.
KazMail® бизнес сыныбындағы электрондық пошта жүйесін пайдалану басталды.
Компанияның құрылуы. Алматыда KazNet® Х.25 пакеттік коммутация желісінің алғашқы торабы жұмыс істей бастады.