Ірі компаниялар мен бизнес-орталықтар үшін сапалы телефон байланысын ұымдастырудың оңтайлы әдісі – кеңселік телефон станциясын Е1 цифрлық ағыны немесе SIP-транк арқылы байланыс операторының АТС-ына (автоматты телефон станциясына) қосып, телефон байланысы сервистерінің кең ауқыммына қол жеткізу
Қосылудың мұндай нұсқаларының айырмашылығы қандай?
Е1 цифрлық ағыны арқылы оператордың АТС-ына бөлінген желі арқылы қосылу – бір физикалық ағында бір уақытта 30 жоғары сапалы дауыстық арнаны қамтамасыз ететін дауыстық байланысты ұйымдастырудың сенімді әдісі. Бұл – 30 абонент бір уақытта сөйлесе алады дегенді білдіреді, бұл ретте Е1 ағынындағы телефон нөмірлерінің саны шектелмейді.
SIP-транк стандартты телефон желілерін пайдалану қажеттілігінсіз әмбебап IP желісі арқылы ұйымдастырылған, оператордың АТС-ы мен кеңселік телефон станциясы арасындағы виртуалдық байланыс арнасын білдіреді. Осылайша, компанияның қызметкерлері енді бір жұмыс орнына байланыстырылмаған (сымды телефонмен) және интернет желісіне қол жеткізу мүмкіндігі бар кез-келген жерде қоңырауларды қабылдай алады.
SIP-транк арқылы қосылу – телефон нөмірлерінің шексіз санын қосуға және компаниыя қызметкерлерінің жұмыс орындарында аналогтық телефон аппараттарын да, IP-телефондар мен арнайы бағдарламалық жасақтаманы да пайдалануға мүмкіндік беретін әмбебап шешім.
Қызметтің барлық техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпаратқа қол жеткізу үшін бізге қазір хабарласыңыз!