Жерсеріктік Интернетке қосу – шалғайдағы өңірлерде және байланыс қызметтерін ұсыну қиын жерлерде қызметін жүзеге асыратын бизнес үшін керемет шешім болмақ.
Осы қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын SkyEdge C жаңа буынды жерсеріктік платформасы ауылшаруашылық және өндірістік кәсіпорындарға, сондай-ақ мұнай-газ, геологиялық барлау индустриясы нысандарына және басқа бизнес субъектілеріне 8 Мбит/с-қа дейінгі жылдамдықта Интернетке тәулік бойы қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.
Қосылуға негіз болатын – жерсеріктік арналар арқылы Интернетке қол жеткізуді ұйымдастыруға арналған VSAT-технологиялар. Қосылу үшін клиентте жерсеріктік жабдықтар жиынтығы орнатылады, оның құрамына мыналар кіреді:
- диаметрі 0.75 см жерсеріктік антенна
- жерсеріктік сигналды қабылдау мен беруге арналған қабылдау-беру жабдығы (BUC+LNB) – ASTEL компаниясының орталық HUB-станциясымен өзара әрекеттестікті және клиенттің жергілікті желісіне трафиктің берілуін қамтамасыз ететін жерсеріктік бағдарлауыш.
Жерсеріктік жабдықтар жиынтығына бір компьютер, сондай-ақ клиенттің жергілікті желісі қосылуы мүмкін.
Қызметтің барлық техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық кеңес алу үшін бізге қазір хабарласыңыз!
Стандартты қызметпен қатар, Сіз өзіңіздің корпоративтік желіңізді бақылау және қосымша қауіпсіздік опцияларын қамтамасыз ететін дайын шешімге мүлдем тегін қол жеткізесіз:
- Жария Интернет желісінен келіп түсетін қауіп түрлерінің басым көпшілігінен кешенді алдын ала қорғаныс
- Жеке кабинет арқылы өз желісінің трафигін басқару мүмкіндігі
- Нақты уақыт тәртіптемесінде трафикке мониторинг жасау
- Белгілі уақыт аралығындағы трафик бойынша есептерді генерациялау
Комплексная превентивная защита от большинства видов угроз, поступающих из публичной сети Интернет
Возможность управлять трафиком своей сети через личный кабинет
Мониторинг трафика в режиме реального времени
Генерация отчетов по трафику за определенный промежуток времени