Ауылшаруашылық жерлерінің қашықтығы және олардың саны – жиі пайдаланылатын техниканы бақылауды және басқаруды қиындатады, бұл айтарлықтай қаржылық және ресурстық шығындарға әкеледі.
Осы мәселені шешу үшін, ASTEL компаниясы LoRaWAN технологиялары негізінде тиімді IoT -шешімін – техниканың трекингін ұсынады.
Ауыл шаруашылығындағы техниканың трекингі - көлік құралдарының әрбір қолда бар бірлігіне мониторинг жүйесін ұйымдастыруды жеңілдетеді, көліктердің қазіргі уақытта қайда және жұмыс күнінің соңында қайда қалғанын анық түсінуге, ең оңтайлы маршруттарды қалыптастыруға, жұмыс уақыты мен тоқтап қалу туралы ақпарат алуға, жабдықтың жылдамдығын бақылауға, отын шығынын есепке алуға мүмкіндік береді.
ASTEL жабдықтарын ауылшаруашылық техникасының барлық түрлерін бақылау үшін пайдалануға болады. Сенімділік пен беріктікке ие бола отырып, біздің жабдықтар ауылшаруашылық алқаптарының қашықтағы және жиі қатал жағдайларына арналған. Трекинг техникасы сіздің барлық процестеріңізді дұрыс бақылауға көмектеседі.
Қызметтің техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпарат алу үшін бізге қазір хабарласыңыз!