Барлық қызметкерлерің жұмыстарын біртұтас кеңсе кеңістігінде ұйымдастыру мүмкіндігі барлық компанияларда бола бермейді. Компанияның филиалдары мен өкілдіктері бүкіл ел бойынша таралып орналасуы мүмкін, ал қызметкерлердің бір бөлігі қашықтық пішімде жұмыс істеуі мүмкін. Аумақтық тұрғыда алыс кеңселерді бір телефон желісіне біріктіру үшін ASTEL компаниясы «Виртуалды кеңсе» қызметін пайдалануды ұсынады.
Қызмет қысқа мерзімде, жеке кеңселік телефон станциясын сатып алуға шығынжұмсамастан, байланыс операторының АТС-ы базасында корпоративтік телефон байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, centrex-абоненттер (компания қызметкерлері) centrex –топтарға бірігеді, бұл – оларға тіпті кеңселері әртүрлі қалаларда орналасқанның өзінде тегін болатын компания кеңселерінің арасындағы берілген ішкі нөмірлер бойынша бір-бірімен
байланысуына мүмкіндік береді.
“Виртуалды кеңсе” қызметін қосқан кезде қызмет көрсетудің қосымша түрлері:
- Қоңырауды ұстау (Call Hold)
- Қысқартылған теру (Abbreviated Dialing) үшін нөмірлер тізімін енгізу
- Автоақпаратшы
- Желі бос болмаған жағдайда қоңырауларды қайта бағыттау (Call Forwarding Busy)
- Жауап болмаған жағдайда қоңырауларды қайта бағыттау (Call Forwarding no Reply)
- Қоңырауларды сөзсіз қайта бағыттау (Call Forwarding Unconditional)
- Шығыс қоңырауларды толығымен немесе ішінара шектеу (Outgoing Calling Plan)
- Кіріс қоңырауларды толығымен немесе ішінара шектеу (Incoming Calling Plan)
- Ұстап тұруға арналған музыка (Music on Hold)
- Конференцбайланыс (Conference)
- Сөйлесу кезінде қоңырауды аудару (Call Transfer)
- Қауырт желі (Hot Line)
- Құпиясөз бойынша қоңырау шалу
- Қоңырау шалушы абоненттің телефон нөмірін анықтау
- «Сегіздікті» кодтау
- Қоңырау шалу тобы (Hunting Group)
- Қоңырау шалу тобындағы қоңырауды қағып алу
Қызметтің барлық техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпаратқа қол жеткізу үшін бізге қазір хабарласыңыз!