Технологиялық ілгерілеу біздің өмірімізді қарқынды түрде өзгертуде. Жаңа технологиялар және Интернеттің кеңінен енуі адамдар мен компаниялардың алдында жаңа мүмкіндіктер ашты және қазіргі таңдағы тұрмыс пен жұмысты оларсыз елестету мүмкін емес: ақпаратқа қол жеткізу, жылдам және ыңғайлы коммуникация, шығындарды қысқарту. Бірақ ілгерілеу бір орында тұрмайды, және бүгін коммуникациялау мүмкіндігі тек адамдарда ғана емес, сонымен қатар кез-келген құрылғыларда, «заттарда» бар.
«Заттар интернеті» — құрылғылардың арасында және әртүрлі ақпараттық жүйелердің арасында деректер беруді, жинауды және талдауды қамтамасыз ететін бағдарламалар кешені бар кез-келген көптеген құрылғылар жиынтығынан тұратын желі. M2M (Machine to Machine) деректер беру технологиясы құрылғыларды ақпаратты сақтаудың және оларға қашықтан қол жеткізудің бұлтты инфрақұрылымына қосылған компьютер желісіне қоса отырып, Заттар интернетін толықтырады. Құрылғылардың мұндай өзара әрекеттестігінің арқасында қаржылық, энергетикалық, уақыттық және кадрлық ресурстар оңтайландырылады, сондай-ақ адам өмірінің жайлылығы арта түседі.
ASTEL компаниясы алғашқылардың бірі болып Қазақстан нарығында Заттар Интернетінің шешімдерін енгізді. Бүгінгі таңда біз негізгі үш бағыттағы жобаларды ойдағыдай іске асырдық:
- Smart City: қала инфрақұрылымының мониторингі, ТКШ диспетчерлеу, сумен жадбықтауды басқару, гидрометеомониторинг, ақылды жарықтандыру, ҚТҚ пайдаға асырудың мониторингі
- Ауыл шаруашылық секторы: цифрлық жайылым, малды радиосәйкестендіру, көкөніс қоймаларының климаты мен топырақ параметрлерінің мониторингі, сондай-ақ басқа шешімдер
- Индустриялық сектор: жабдыққа мониторинг жасау және басқару, мұнай өнімдерін есепке алу, кәсіпорынның энерго-мониторингі, экологиялық мониторинг, қызеткерлердің қауіпсіздігі және қызметкерлерді басқару
Қызметтің техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпарат алу үшін бізге қазір хабарласыңыз!