Талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы немесе бейне бақылау жүйелерін орнату сияқты кез-келген құрылыс-монтаж жұмыстарын бастар алдындағы маңызды кезең жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу болып табылады. Ол күтілетін нәтижелер мен болжалды мерзімдерді, сондай-ақ қаралған бюджетті құжат түрінде бекіту жолымен жобаны іске асыру жұмыстарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
ЖСҚ шын мәнінде – келесі жұмыстар сол бойынша жүргізілетін жоспар болып табылады. Оның дәлдігі мен толықтылығынан құрылыс және монтаж жұмыстарының іске асырылудағы сәттілігі байланысты болады.
ASTEL компаниясы кең алуандағы бағыттар бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) кешенді әзірлеуді жүзеге асырады:
мыс, талшықты оптикалық, радиорелелік, спутниктік және басқа технологиялар базасындағы байланыс желілері мен жүйелері;
құрылымдалған кабель жүйелері (ҚКЖ);
жергілікті-есептеуіш желілері (ЖЕЖ);
телефондандыру;
қауіпсіздік жүйелері:
өрттен-қорғауды сигналдандыру жүйелері;
автоматты өрт сөндіру жүйелері;
бейне бақылау жүйелері;
қолжетімділікті бақылау және шектеу жүйелері;
кепілді және үздіксіз электрмен қамту жүйелері;
жылу, желдету, кондиционерлеу жүйелері;
сәулет-құрылыс шешімдері;
жерге тұйықтау және найзағайдан қорғау;
жарықтандыру.
Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жобалаудың барлық кезеңдері үшін жүргізіледі: жоба (Ж), жұмыстық құжаттама (ЖҚ), жұмыстық жоба (ЖЖ), жоба алдындағы құжаттама (техникалық-экономикалық негіздеу).
Біз әзрленген ЖСҚ-ны өкілетті ұйымдармен және мемлекеттік қадағалаушы огандармен келісудің барлық кезеңдерінде сүйемелдеуді, әзірленген ЖСҚ-ны сараптамадан өткізу кезінде (мемлекеттік және тәуелсіз) сүйемелдеуді қамтитын жобалау бойынша кешенді қызметтерді көрсетеміз.
Қызметтің барлық техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпаратқа қол жеткізу үшін бізге қазір хабарласыңыз!