Заманауи бизнесті ақпараттық технологиялардың қолданылуынсыз елестетіп көру мүмкін емес. Жаһандық ақпараттық кеңістіктің құрылуы әлемдік ақпарат ресурстарына қол жеткізу және қызметкерлердің тиімді өзара әрекеттесуі түрінде керемет мүмкіндіктерге жол ашады. Бірақ цифрлық дәуір өзімен бірге жаңа тәуекелдерді ала келді. Барлық экономикалық қылмыстардың жартысы киберкеңістікте орын алады. 2020 жылы анықталған қауіптердің саны 20%-ға өсіп, 62,6 миллиард шаманы құрады.
Өзіңізді кибершауылдардан кәсіби тұрғыда қорғау – мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы құрылымдар үшін, ірі және орта бизнес компаниялары үшін маңызды міндет екені анық.
ASTEL компаниясы клиент жұмысының спецификасын ескере отырып, бизнес пен мемлекеттік органдар үшін ақпараттық қауіпсіздіктің жеке шешімдерін ұсынады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет жеке АҚЖО – Ақпараттық Қауіпсіздіктің Жедел Орталығы мен IBM компаниясы ұсынған SIEM платформасы негізінде жүргізіледі.
Сондай-ақ, ASTEL компаниясы "Касперский зертханасымен", оның ішінде "киберқауіпсіздік қызметкерлерін оқыту" қызметін көрсету үшін ынтымақтасады.
АҚЖО (SOC) шеңберіндегі қызметтеріміздің ауқымы:
- Енуге арналған сынақ және қауіптерді талдау
- АҚ қамтамасыз етудің мониторингі және АҚ оқыс оқиғаларына орай әрекет ету
- АҚ оқыс оқиғалары мен осалдықтарының мониторингі
- АҚ жетілу деңгейінің аудиті және бағалау (ISO, ҚР СТ, ҚР БТ)
- АҚ қамтамасыз етужүйесін құру және стратегиясын әзірлеу (СОИБ)
- Қызмет көрсетуде істеншығуға қатысты АЖ жүктемеліу сынау
- АЖ желілік және инфрақұрылымдық қауіпсіздігі
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін ықпалдастыру және баптау
- Нормативтік құжаттарды әзірлеу және АҚ үдерістерін құру
Қызметтің техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпарат алу үшін бізге қазір хабарласыңыз!