Бір қалада немесе еліміздің әртүрлі қалаларында және өңірлерінде бірнеше филиалдары мен өкілдіктері бар компаниялардың тиімді жұмыс жасауының маңызды шарты – корпоративтік желінің болуы болып табылады. Ол аумақтық тұрғыда бір-бірінен алыс нысандарды – қызметкерлер жұмыс істеуі үшін бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру жолымен біріктіруге мүмкіндік береді. Корпоративтік желі бизнес-үдерістер мен құжат айналымын едәуір оңайлатады және жылдамдатады, сондай-ақ компанияның біртұтас деректер қорының, шеткері құрылғыларының және бағдарламалық жасақтамасының оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Компаниялардың кеңселерін біртұтас корпоративтік желіге біріктірудің ең үнемді және сенімді әдісі – IP VPN технологиясын пайдалану болып табылады.
IP VPN (виртуалдық жекеше желі) – кепілдендірілген қосылу сапасы бар деректер берудің толық байланыстық желісі. Қосылу қауіпсіздігінің жоғары деңгейі IP VPN базасындағы корпоративтік желінің жария желілерден бөлек болуымен түсіндіріледі, бұл – сырттан рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмайды. Бұл ретте, IP VPN арқылы қосылу белгілі бір локацияға байланыстыруды қажет етпейді. Компания қызметкерлері қорғалған желі арқылы кез-келген ыңғайлы жерден ноутбуктарды, смартфондарды немесе планшеттерді пайдалана отырып виртуалды желіге қосыла алады.
ASTEL компаниясы өзінің инфрақұрылымы мен MPLS (Multiprotocol label switching) технологиясын пайдалана отырып жерүсті арналары базасында мемлекеттік органдар мен коммерциялық компаниялар үшін корпоративтік желілерді құру қызметтерін көрсетеді. MPLS – белгілерді пайдалануға негізделген, көпхаттамалы желілерде IP-пакеттерді жылдам коммутациялау технологиясы. Бұл технология қызмет көрсету сапасының әртүрлі критерийлері қойылатын әртүрлі қосымшалар трафигін бір желіге біріктіруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын қызметінің спецификасына және бизнес-мақсаттарына қарай, клиент трафикке қызмет көрсетудің өзіне қажетті сыныбын таңдайды (мысалы, дауыс, бейне, дерек қорларын алмасу немесе Интернет).
Қызметтің барлық техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпаратқа қол жеткізу үшін бізге қазір хабарласыңыз!