Жеке серверлері мен желілік жабдығы бар компаниялар күрделі және пайдаланушылық шығындарды қысқарту және тәулік бойы техникалық қолдауға қол жеткізу мақсатында ASTEL компаниясының ДӨО (деректерді өңдеу орталығы) қызметтерін пайдалана алады.
Colocation қызметі клиенттің жабдығын Нұр-Сұлтан қаласындағы ASTEL ДӨО аумағында, сондай-ақ сенімді және қауіпсіз ортада орналасқан жеке IT-инфрақұрылымды басқару мүмкіндігімен компанияның техникалық тораптары базасында физикалық орналастыруды тұспалдайды.
ASTEL алаңдарында жабдықты орналастырудың базалық құрамдас бөліктері желілік және инженерлік инфрақұрылым сегменттері сенімділігінің, қауіпсіздігінің және бұзылуға төзімділігінің жоғары талаптарына сәйкес келеді, бұл – жабдықты тиімді пайдалануға және оның сақталуын қамтамасыз етуге жағдай жасайды:
- ДӨО серверлік және желілік жабдығын үздіксіз электрмен қоректендіру «N+1» резервтеу сұлбасы бойынша ұйымдастырылған
- ДӨО аумағында температура тәртіптемесін қажетті деңгейде қстап тұруға арналған автоматты тәртіпте жұмыс істейтін климаттық бақылау жүйесі, сондай-ақ автоматты өрт дабылдамасы және автоматты газды өрт сөндіру жүйесі, қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесі қарастырылған.
ASTEL компаниясы жалға берілетін серверлік тұрынтақты пайдалану мүмкіндігін ұсынады
Қызметтің техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпарат алу үшін бізге қазір хабарласыңыз!