Еліміздің әртүрлі шалғайдағы нүктелерінде орналасқан компанияның филиалдары мен нысандарын біртұтас корпоративтік желіге біріктіруге, сондай-ақ қысқа мерзімде қызметкерлердің жұмыс істеуі үшін біртұтас ақпараттық кеңістікті қамтамасыз етуге жерсеріктік технологиялар мүмкіндік береді.
Жерсеріктік технологиялар жерүсті инфрақұрылымынан тәуелсіздікті және әрбір қосылу нүктесінде Интернетке, компанияның корпоративтік дерек қорларына, сондай-ақ телефон байланысы қызметтеріне, бейнеконференцбайланыс және бейнебақылау қызметтеріне қол жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жерсеріктік корпоративтік желілерді құруға негіз болатын – «жұлдыз» немесе «әрқайсысы бір-бірімен» қағидаты бойынша компанияның филиалдары мен нысандары арасындағы байланысты қамтамасыз ететін VSAT-технологиялар. Қосылу үшін, компанияның әр нысанының аумағында жерсеріктік жабдықтар кешені орнатылады, оның құрамына мыналар кіреді:
- диаметрі 0.75 м-ден 2.4 м-ге дейін жерсеріктік антенна
- жерсеріктік сигналды қабылдау мен беруге арналған қабылдау-беру жабдығы (BUC+LNB)
- ASTEL компаниясының орталық HUB-станциясымен өзара әрекеттестікті және клиенттің корпоративтік желісіне трафиктің берілуін қамтамасыз ететін жерсеріктік бағдарлауыш.
Корпоративтік жерсеріктік желілерді қосудың сөзсіз артықшылығы – олардың ұтқырлығы болып табылады. Қажет болған жағдайда, жерсеріктік жабдықтар кешенін оңай демонтаждап, басқа орналасу нүктеге көшіруге болады.
Қызметтің барлық техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпаратқа қол жеткізу үшін бізге қазір хабарласыңыз!