Егер Сіздің компанияңыз өз клиенттерінің қамын ойласа және клиенттердің әрбір жүгінуі Сіз үшін маңызды болса, олар үшін байланыс орталықтарының қызметкерлерімен немесе техникалық қолдау қызметтерімен қауырт желі телефоны арқылы оңай және бастысы – тегін байланысу мүмкіндігін қамтамасыз етіңіз!
ASTEL байланыс операторы «Тегін қоңырау шалу нөмірі» қызметін көрсетеді, ол бойынша компанияға 8-800-005-XXX нөмірі бөлінеді.
8 – қала-аралық қол жеткізудің ұлттық префиксі
800 – «тегін қоңырау шалу» қызметіне қол жеткізудің географиялық емес коды
005 – «ASTEL» АҚ-ға бекітілген индекс
XXXX – клиенттің нөмірі
8-800 коды бар нөмір Сіздің клиенттеріңізге мобильді және стационарлық телефонды пайдалана отырып Қазақстанның кез-келген нүктесінен компанияның кеңсесіне қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, Сіздің клиентіңіз үшін қоңырау кепілдендірілген түрде тегін болады.
Тегін қоңырау шалу нөмірінің болуы клиенттердің бейілділігін арттырады, компанияның байланыстарын жаттап алуға жәрдемдеседі және оның беделін арттырады.
Қызметтің барлық техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпаратқа қол жеткізу үшін бізге қазір хабарласыңыз!