Ашық теңізде тиімді жұмыс істеу үшін компанияның су көлігі және жерүсті нысандары Интернет желісіне немесе корпоративтік желіге қосылған болуы тиіс. Жағадан алыс жердегі кеме мен жерүсті кеңсесінің арасындағы байланыс жедел шешім қабылдау, деректер алмасу және бизнес-үдерістерді қолдау үшін маңызды.
Теңізде жерсеріктік байланыс қызметтерін ұсыну үшін ASTEL компаниясы Cobham Satcom компаниясы өндірген Sailor және SeaTel теңіз антенналарын ұсынуға дайын. Теңіздегі жерсеріктік жүйелердің артықшылығы – оның сенімділігі мен пайдаланудағы оңайлығында. ASTEL компаниясы клиентке ұсынатын жоғары технологиялы антенна жүйелері теңізде сенімді жерсеріктік байланысты қамтамасыз етеді, ал жерсерікке автоматты түрде баптау – қозғалып бара жатқан теңіз көлігіне Интернет пен деректер беруді қамтамасыз етеді
Қызметтің барлық техникалық ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық ақпаратқа қол жеткізу үшін бізге қазір хабарласыңыз!