ASTEL мен Comexp бірлесіп теледидар мен жарнама мониторингі бойынша семинар өткізді

02.04.2015

ASTEL мен Comexp бірлесіп теледидар мен жарнама мониторингі бойынша семинар өткізді

01-02 сәуірде Алматыда ASTEL серіктесі Comexp-пен бірге жарнама берушілерге, телеарналар мен жарнама агенттіктеріне «Қазақстандағы телехабарлар мен жарнаманы бақылаудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізді.

 

Семинарда телеарнаның мазмұны мен сапасын бақылау, теле жарнаманың шығуын бақылау бойынша шешімдер мен қызметтер ұсынылды. Қатысушылар ASTEL мен Comexp сарапшыларынан жеке кеңестер алды. Семинарға қатысушылардың барлығына бақылау қызметінің ақысыз кеңейтілген тестілеу мүмкіндігі беріледі.