03.09.2015
ASTEL компаниясы 2015 жылғы 20-22 тамыз аралығында Ұлы Ұлытау тау бөктерінде өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шарада Интернет желісіне Wi-Fi қол жеткізуді ұйымдастырды. Қазақ хандығының 550 жылдығына 2015 жылғы 20-22 тамыз аралығында Ұлы Ұлытау бөктерінде өткен ауқымды іс-шаралар арналды. Аталған іс-шараға біздің Компания да қатысты. ASTEL пилоттық жобасы аясында Интернет желісіне Wi-Fi қолжетімділігі ұйымдастырылды.
Ұлытау ауданының әкімі Хамит Нұрланұлы Омаров ауданның дамуына қосқан үлесін жоғары бағалап, компания президенті В. Е. Бреусовтың атына алғыс хатқа қол қойды.
Жоңғар әскеріне қарсы Бұланты шайқасына арналған стеланың ашылуы, дәуірлік датаға арналған салтанат басталды. Қазақ халқының тірегі мен бірлігінің символы, Қазақ мемлекетінің басқару орталығы болып табылатын қасиетті Ұлытау жері Қазақ хандығының 550 жылдығын лайықты құрметпен атап өтті.
Үлкен ауқыммен өткен салтанат оның әрбір қатысушысының жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды. Іс-шараға Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Ұлытау және Жаңаарқа ауданының қоғам өкілдері қатысты. Хатөбе елді мекенінде 80-ге жуық киіз үй орнатылды.
Мереке бағдарламасында 550 жыл бұрынғы оқиғаларды қалпына келтіретін театрландырылған көрініс, эстрадалық және халық әндерін орындаушылардың концерттік бағдарламасы, ток-бәйге, аламан-бәйге, сондай-ақ қазақ күресі бойынша жарыстар болды.