ASTEL компаниясы ҚР кәсіпорындарының бас энергетиктерінің XI форумында

10.09.2015

ASTEL компаниясы ҚР кәсіпорындарының бас энергетиктерінің XI форумында

"ASTEL" АҚ Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының бас энергетиктерінің XI Форумына қатысты. 2015 жылғы 9-11 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының инженер-энергетиктер Одағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі басшылығының қолдауымен және қатысуымен Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының бас энергетиктерінің кезекті XI форумын өткізді. Форумға қатысуға Қазақстан Республикасының өндіруші, таратушы және өткізуші энергетикалық компанияларының, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарының, құрылыс, монтаждау және реттеу ұйымдарының, өнеркәсіп кәсіпорындарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарының басшылары мен мамандары шақырылды.

 

ASTEL компаниясы Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының бас энергетиктерінің XI форумына кезекті рет қатысты. ASTEL мамандары ЭКЕАЖ (энергия ресурстарын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесі) үшін байланыс арналарын ұйымдастыруға арналған "SkyEdge C" спутниктік Интернет және деректерді беру қызметін таныстырды. ASTEL спикері ретінде корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі Менеджер Береснев Максим сөз сөйледі. "SkyEdge C" қызметі туралы ақпарат форумға қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

 

Қосымша кездесулер мен консультациялар туралы келісімдерге қол жеткізілді. "SkyEdge C" қызметі өзінің өндірістік қызметін Қазақстанның клиенттің қажетті көлемде және кепілдендірілген сапамен байланыс қызметтерін алуында қиындықтары бар аудандарында жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған.