23.04.2018
«ASTEL» (АСТЕЛ) акционерлік қоғамы, мекенжайы бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Маметова көш.,67Б, Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік, 2005 жылғы 27 қаңтардағы тіркеу нөмірі 43819-1910-АО, бизнес-сәйкестендіру нөмірі 011140001666, орналастырылған жай акциялар саны 226 000 дана және орналастырылған артықшылықты акциялар саны 6990 дана жалпы сомасы 1134661300 теңгеге 2017 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлегені туралы хабарлайды.
Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 4870 теңгені құрайды. Бір артықшылықты акцияға дивиденд мөлшері 4870 теңгені құрайды. Орналастырылған жай акциялар мен орналастырылған артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу акционерлердің өтініштері бойынша 2018 жылғы "24" сәуір мен 2018 жылғы "15" мамыр аралығында жүргізіледі. Барлық сұрақтар бойынша акционерлер "ASTEL" (АСТЕЛ) акционерлік қоғамына көрсетілген мекен-жай бойынша хабарласуы керек.