26.07.2021
ASTEL компаниясының «Zhana Dala» / «Green Day» - 2021» Қазақстандық Дала күні» көрмесіне қатысуы.
2021 ж. 14-16 шілдеде Ақмола облысы Ақкөл ауданы, «Еңбек» ЖШС-нің демонстрациялық алаңдарында «Zhana Dala» / «Green Day» - 2021» Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған демонстрациясы өтті.
Іс-шараның мақсаты - ауыл шаруашылығының шешімдері мен өнімдерін, оның ішінде тұрақты егінді қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық әзірлемелерді көрсету болды.
"Дала күні" экспоненттерінің арасында 150 - ден астам отандық және шетелдік компаниялар болды. Көрмеге қатысушылар саны 5000 адамнан асты.
«ASTEL» (АСТЕЛ) компаниясы көрмеде LoRaWAN технологиясына негізделген ауыл шаруашылығына арналған IoT шешімдерін ұсынды, оның ішінде алаңдағы байланыс (Интернет және телефония), топырақ мониторингі, астық сақтау мониторингі, ауа райы станциялары және тағы басқалар.
«ASTEL» (АСТЕЛ) компаниясының ақылды шешімдері - көрмеге қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. Үш күндік демонстрацияның қорытындысы бойынша «ASTEL» (АСТЕЛ) АҚ, «Ауыл шаруашылығын цифрландыру саласындағы зияткерлік шешімдерді ұсынғаны үшін» диплом мен медальге ие болды.