Қауіпсіздік сертификаты

24.02.2016

Қауіпсіздік сертификаты

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - заң) сәйкес байланыс саласындағы уәкілетті орган елден тыс жерде орналасқан интернет-ресурстар мен сервистердің трафигін өткізуді қауіпсіздік сертификатын пайдалана отырып жүзеге асырады.

 

Қауіпсіздік сертификаты-шифрлауды қолдайтын хаттамалардан тұратын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық сандық таңбалар жиынтығы. Заңда көзделген жағдайларда қауіпсіздік сертификатын қолдану шетелдік Интернет-ресурстарды құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануды шектеуге мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбайтын пайдаланушылардың мұндай ресурстарға кедергісіз қол жеткізуін сақтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бағдарламалық жасақтаманың әр түрлі түрлерімен байланыс құралдарына қауіпсіздік сертификатын орнату жөніндегі нұсқаулық.