10.06.2018
«ASTEL» АҚ өзінің 25 жылдық мерейтойына орай, 2018 жылдың 6-9 мамыр аралығында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында өткен «Көкмайса-2018» этникалық фестиваліне қатысты. Демеушілік шеңберінде фестиваль қатысушыларына автоколоннаның барлық маршрутында, сондай -ақ фестивальдің базалық лагерінде Интернет қызметтеріне ақысыз қол жетімділік ұйымдастырылды.
"Көкмайса-2018" фестивалі Қазақстанның ішкі туризмін және Ұлытау өңірінің туристік әлеуетін дамыту мақсатында, сондай-ақ Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасы элементтерінің ұлттық тізбесіне енгізілген "Биебайлау", "айғыр қосу", "Қымыз мұрындық" дәстүрлі мерекелік салттарын танымал ету мақсатында өткізілді.
Фестиваль аясында Жошы хан, Алаш хан, Домбауыл кесенелері, Едіге тауы, әйгілі Алтын Шоқы, Хан Орда және т.б. сияқты Ұлытау ауданының көрнекті жерлерін аралайтын туристік маршрут ұйымдастырылды. Туристік бағыттың жалпы ұзындығы Облыстың дала жолдарымен бірнеше жүз шақырымды құрады. Фестивальге қатысушылар саны күткеннен әлдеқайда асып, 2000-нан астам адамды құрады. Фестивальдің бүкіл бағыты бойы колоннада Нива маркалы автомобиль, онда орнатылған Автомобиль Байланыс жиынтығы (АБЖ) жүрді, оның көмегімен фестиваль колоннасы тоқтаған жерлерде Интернет желісіне және телефон байланысы қызметтеріне қол жеткізу ұйымдастырылды
Фестивальдің базалық лагерінде АБЖ -нан басқа, ASTEL АҚ -ның жаңа әзірлемесі - шағын спутниктік кешен (ШСК) іске қосылды, оның көмегімен Интернет желісінің қызметтеріне қолжетімділік қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының-журналистердің, блогерлердің және фестиваль қонақтарының мүддесі үшін ұйымдастырылған.
"ASTEL" АҚ компаниясының фестивальға белсенді қатысуы "Ұлытау ауданы әкімінің аппараты" ММ және "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы"РМҚК алғысымен атап өтілді.