Еуразия ұлттық университетінде ASTEL Заттар интернеті зертханасы іске қосылды

20.05.2021

Еуразия ұлттық университетінде ASTEL Заттар интернеті зертханасы іске қосылды

2021 жылы 20 мамырда, «ASTEL» (АСТЕЛ) компаниясы Еуразия ұлттық университетінің Физика және технология факультетінде Заттар Интернеті (IoT) зертханасын іске қосты.

 

Біз жасаған IoT зертханасы - ЕҰУ студенттеріне телекоммуникация саласының ең озық және болашағы бар бағыттарының бірі – Заттар Интернеті бойынша теориялық қана емес, сонымен қатар практикалық білім алуға мүмкіндік беретін материалдық – техникалық ресурс болып табылады.

 

ЕҰУ жанындағы IoT зертханасының ашылу салтанатында «ASTEL» (АСТЕЛ) компаниясының Вице-президенті Владимир Волков сөз сөйледі. Ол ЕҰУ мен ASTEL арасындағы жемісті ынтымақтастық бір жылдан астам уақытқа есептелгенін баса айтты.

 

«Осы зертхананың ашылуы - біздің ынтымақтастығымыздың келесі қадамы. Студенттерде жеке өсу үшін тағы бір платформа пайда болды, бизнес пен университет арасындағы байланыс нығайып келеді. Зертхана студенттер үшін, болашағы бар IoT бағытын зерттеуде, сонымен қатар ғылыми - зерттеу жұмыстарын тестілеу мен дайындауға қолдау ретінде ойластырылған болатын», - деді Владимир Волков.

 

Өз сөзінде Владимир Волков байланыс операторы мен университет арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір маңызды сәті - Қазақстан Республикасының жетекші техникалық жоғары оқу орындары үшін  «ASTEL» АҚ әзірленген және компанияның 25 жылдығына арналған стипендиялық бағдарламаға бірлесіп қатысу болғанын атап өтті. «Біз стипендиялық бағдарламаны жас, талантты мамандарды компанияға тәжірибеге / тағылымдамаға тарту мүмкіндігі ретінде қолдандық. Тек бірінші жылдың қорытындысы бойынша, біздің компанияға 10 -нан астам түлек шақырылды, олар өте күрделі іріктеуден өтіп, қызметкерлеріміздің штатын толықтырды және қазіргі уақытта жұмыстарын жалғастыруда", - деп қосты ол.

 

Бағдарлама іске қосылғаннан кейін, 2019 жылы ASTEL мен Еуразия ұлттық университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оның аясында университеттің физикалық және техникалық мамандықтар бойынша оқу бағдарламалары түзетілді. Меморандумның мақсаты - білімдері саланың шынайылығынан ажырамаған және практикалық дағдылармен нығайтылған және Қазақстан Республикасының телекоммуникация нарығының ерекшеліктерін түсінетін, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды дайындау болды.