Астана-Алматы-Астана бағытындағы «Тұлпар» (Talgo) жүрдек пойызында интернетке спутниктік қолжетімділік қызметтерін ұсыну жөніндегі жоба. Жоба 2010 жылы «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның тапсырысы бойынша «ASTEL» АҚ-мен іске асырылды. Жобаның негізгі идеясы мынада: жоғары жылдамдықта спутникке бағдарды жоғалтпай ұстап тұруға мүмкіндік беретін антенна арқылы спутниктен келетін байланыс арнасын дәл құрамға береміз. Бұл сигнал құрамның ішінде Wi-Fi арқылы таратылады. Жоғары жылдамдықта қозғалып бара жатқан пойыздың жолаушыларына интернет ұсыну үшін таралу аймағы республиканың бүкіл аумағын қамтиын байланыстың спутниктік жүйесінің кең жолақты арнасы пайдаланылған. Арнаның өткізу қабілеті 2 Мбит/с дейін. ASTEL компаниясымен стационарлық қалыпта, сол сияқты 350 км/с дейінгі жылдамдықтағы қозғалыста дауыс бен бейне деректерін табыстауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Gilat Satellite Networks компаниясының технологиялары базасындағы арнайы жабдық жеткізілді, монтаждалды және пайдалануға берілді.
Talgo-ның жылдамды 130–140 км/с жуық. Аталған жоба қызмет көрсету сапасының деңгейін арттыруға, жолаушыларға байланыс қызметінің максималды мөлшерін ұсынуға мүмкіндік бере отырып Қазақстан аумағы бойынша жүріп-тұрудың халықаралық стандарттар мен ережелердің ең жоғарғы талаптарына сәйкес келетін жайлылығы мен ыңғайлылығын қамтамасыз етті.
Сіз ASTEL менеджеріне +7 (727) 312-00-02 телефоны арқылы немесе Контактілер парағында көрсетілген аймақтық кеңселерге қоңырау шалу арқылы кеңес, коммерциялық ұсыныс және ұқсас қызметтер туралы қосымша ақпарат ала аласыз.