Транстелеком – Медицициналық пойыздардағы бейне конференциялық байланыс

Транстелеком – Медицициналық пойыздардағы бейне конференциялық байланыс

Жоба туралы

Саламатты-Қазақстан, Жәрдем, Денсаулық медициналық пойыздарында деректерді табыстауды ұйымдастыру жөніндегі жоба. SkyEdge спутниктік терминалдарының көмегімен бейне конференция байланысы, телефония, Интернет, деректер табыстау мүмкіндігі.  2010 жылы ASTEL компаниясымен стационарлық қалыпта немесе 350 км/с дейінгі жылдамдықтағы қозғалыста дауыс бен бейне деректерін табыстауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Gilat Satellite Networks компаниясының технологиялары базасындағы арнайы жабдық жеткізілді, монтаждалды және пайдалануға берілді. Қашық станциялар арасында қатынайтын медициналық пойыздарда мамандар тексерудің толық циклін, амбулаторлық операциялар жасайды.

 

Пойыздағы медициналық бригаданың құрамында негізгі мамандықтардың білікті дәрігерлері бар: терапевт, педиатр, невропатолог, көз дәрігері, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, тіс дәрігерлері. Медициналық пойыздардағы мамандар қашық аудандарда жасап жатқан операциялары мен берген кеңестерін Астанаға бейне конференция-байланысы арқылы трансляция жасайды.  

 

Медициналық пойыздар әлеуметтік жобасы ерекше болып табылады, өйткені бірінші рет темір жол көлігінде қызмет ететін жұмыскерлер мен олардың отбасыларына, қашықта тұратын қала және ауыл тұрғындарына мобильді көп бейінді мамандандырылған консультативтік-диагностикалық көмектің принципиалды жаңа түрі ұсынылды. 

 

 

Сіз ASTEL менеджеріне +7 (727) 312-00-02 телефоны арқылы немесе Контактілер парағында көрсетілген аймақтық кеңселерге қоңырау шалу арқылы кеңес, коммерциялық ұсыныс және ұқсас қызметтер туралы қосымша ақпарат ала аласыз.

Бізге жазыңыз

Қаланы енгізіңіз*

Атыңызды енгізіңіз*

Телефонды енгізіңіз*

E-mail енгізіңіз*

Хабарлама