Жоба туралы

2005 жылдан басталған ынтымақтастық. Қарағанды Жарық  өзіне электр энергиясын табыстау және үлестіруді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) енгізу бойынша міндеттер қойды. Жүйені жасаудың мақсаты электр станциялары өндіретін, электр желілері бойынша табысталатын және тұтынушыларға берілетін электр энергиясының мөлшерін дәл әрі жедел анықтау, сондай-ақ электр энергиясы берілетін және үлестірілетін кезде оның дәл шығынын белгілеу болып табылады.  ASTEL аталған жобаның шеңберінде қашықтағы нысандар үшін деректер табыстау және телефония желілерін салды.

 

2007 жылдан бастап бірнеше кең ауқымды техникалық жаңғыртулар жүзеге асырылды, оның нәтижесінде 2013 жылы Қарағанды Жарық компаниясы кернеуі 110 кВ, 35кВ, 10- 6 - 0,4 кВ болатын электр желілерінде ЭКЕАЖ-ды 100% енгізу мүмкіндігін алды. Жобаны іске асыру үшін  FaraWay және SkyEdge технологиялары қолданылды. Осы жобаның нәтижесінде клиент телеметриямен жұмыс істеуге арналған сенімді телефон желісі мен деректерді табыстау желісіне ие болды. Клиент өзінің қызметін тәулік бойы жүзеге асырғандықтан ASTEL-де тәулік бойы істейтін қолдау қызметінің болуы Клиентке сервис ұсынумен байланысты барлық мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді. 

 

 

Сіз ASTEL менеджеріне +7 (727) 312-00-02 телефоны арқылы немесе Контактілер парағында көрсетілген аймақтық кеңселерге қоңырау шалу арқылы кеңес, коммерциялық ұсыныс және ұқсас қызметтер туралы қосымша ақпарат ала аласыз.

Бізге жазыңыз

Қаланы енгізіңіз*

Атыңызды енгізіңіз*

Телефонды енгізіңіз*

E-mail енгізіңіз*

Хабарлама